Мақаттық айтыскер жүлделі орынға ие болды

(0 Votes)

Өткен аптада Махамбет ауданында Қазақстан Жазушылар одағы Атырау облыстық филиалының директоры Қойшығұл Жылқышиевтың ұйымдастыруымен белгілі кәсіпкер Сүлеймен Ибрагимұлын еске алумен қатар, Конституция күніне  орай «Жаса, Қазақстан!» атты аймақтық ақындар айтысы өтті.

Кіл дүлдүл жиналған додада алтын домбыра иегерлері Жандарбек Бұлғақов, Аспанбек Шұғатаевтармен қатар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облысының үздік айтыскер ақындары қатысты. Осы сында бақ сынап, аудан намысын қорғаған Нұрбек Сарбасов жүлделі үшінші орынды иемденіп, аудан абыройын асқақтатты. Иығына  шапан жабылған айтыскер ақынмыз 400 мың теңгені қанжығасына байлап қайтты.

Мұнайлы мекеннің мерейін үстем еткен ол бұл аймақтық айтыстағы алғашқы жүлдесі екенін айтады.

- Айтыс бір айналымнан тұрды. Маған Ерболат Қарақойшы қарсылас болды. Талай додада сынға түсіп жүргеніммен, бұл - аймақтық айтыстағы алғашқы жүлдем. Сірә, бағым мен бабым қатар шапты деген осы болар, - дейді ол.

Бұған дейін көптеген облыстық байқауларда жеңіс тұғырынан көрініп үлгерген Нұрбекке алар асуың көп болсын демекпіз.

 

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521