Мақаттық боксшы облыс намысын Оңтүстік-Батыс аймақтық іріктеуде қорғайды

(0 Votes)

Атырау қаласында облыстық дене шынықтырау және спорт басқармасы сондай-ақ, бокс федерациясының ұйымдастыруымен бокстан облыстық іріктеу чемпионаты өткен болатын.

2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған додаға ауданнан алты боксшы қатысып, оның екеуі жеңіс тұғырынан көрінді.

Атап айтқанда, Мақат балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері 48 келі салмақта Нұрмұхаммед Алдаберген І орын иеленсе, 60 келі салмақта Исламбек Беркінғали ІІ орынмен марапатталды.

Сайыс қорытындысы нәтижесінде Нұрмұхаммед Жамбыл облысы Шу қаласында өтетін Оңтүстік-Батыс аймақтық іріктеу чемпионатына қатысуға жолдама алды.

«Қазіргі күні Нұрмұхаммед Атырау қаласында оқу-жаттығудан өтіп жатыр. Дайындықты бастап кеттік, өйткені аймақтық іріктеу келесі айға жоспарлануда. Жалпы оның жарысқа деген бабы жақсы.  Сондай-ақ, ол жыл басынан 5 рет чемпион атанды. Облыстың намысын қорғайтын бұл додада да шәкіртіме сенім артамын»,- дейді бапкері Парасат Құлмұханов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521