Мақатта облыстық «Жас талант» байқауы өтті

(0 Votes)

Балалар жылына орай қыркүйек айының 20-сы күні аудандық мәдениет үйінде жас әншілердің қарым-қабілетін байқап, шығармашылықтарын шыңдап, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында облыстық «Жас талант» балалар ән байқауы ұйымдастырылды.

12-14 жас аралығындағы жас әншілерге арналған сайысқа облысымыздың 6 ауданы мен Атырау қаласынан барлығы 14 үміткер қатысты. Бірінші кезеңнің талабы қазақ композиторларының патриоттық әндерінің шырқау болса, екінші кезеңде өз қалаулары бойынша қазақ композиторларының кез-келген әнін орындауға мүмкіндік берілді. Байқауды ашып, алғы сөз сөйлеген аудан әкімдігінің аппарат басшысы Жандос Бөлекбаев болды.

1d590669-d837-4f4d-a401-8a2b8ab1e0af
Барлық қатысушылар алғашқы дайындап келген әндерін орындағаннан кейін келесі кезеңге 8-і ғана өтті. Алғыс хатқа ие болғандарға ынталандыру ретінде 20 000 теңге қаржылай сыйлық берілді.

5c4a5dad-0076-498b-8f96-fa2537aced7b

Қазылар алқасының шешімімен дирижёр А.Түсіпқалиев атындағы арнайы жүлдені Қызылқоғадан келген Темірбек Алтынбекұлы, композитор О.Жақсыбеков атындағы арнайы жүлдені исатайлық Темірлан Еркін иеленді. Оларға тапсырылған жүлде қоры 30 000 теңге болды. Дара шыққандардың кезегі келгенде  Махамбет ауданының намысын қорғаған Ақмөлдір Қамаш пен жергілікті өнерпаз Нұрай Нұғман 3 орын және 50 000 теңгені қанжығаларына байлады. Ал, 2 орын және 70 000 теңге жылойлық Думан Ержан мен құрманғазылық Айна Қазымбекке бұйырды. Бірінен бірі озған күміс көмей, жез таңдайлардың арасынан 1 орын мен 100 мың теңгелік сыйлық Атырау қаласынан ат арытып келген Нұрлы Мұстафаға тапсырылды. Ал, Мақаттың мақтанышы Сымбат Маңғыстау әншіміз сайыстың бас жүлдесі мен 150 000 теңгені жеңіп алды.

295389fc-4d0b-4845-ae10-f3f813b9549a

Сыйлықтар берілер кезде қара қылды қақ жарған қазылар алқасы жеңімпаздардың қай тұрғыдан алға шыққанын және қатысушылардың қателіктерін айтып шыққан болатын.

 

А.Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521