Мақаттық балуандар жүлдемен оралды

(0 Votes)

Спорттан ауданымыздың атын асқақтатып жүргендердің бірі - еркін күрес шеберлері.  Жақында олар тағы бір жетістікке жетіп жерлестерін қуантып қойды.

Жақында Атырау қаласында 2006-2008 және 2008-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық облыстық іріктеу чемпионаты өткен болатын. Аталған бәсекеде Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 17 балуаны бақ сынады. Оның ішінде мықтылардың арасында мықтылықтарын мойындатқан бесеуі жүлдегерлер қатарынан табылды. Атап айтар болсақ, 2008-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Диас Қарасай, 52 келі салмақта Нұралы Жауылбай және 57 келі салмақта Нұрдәулет Сұлтан қарсыластарын шақ келтірмей чемпион атанды. 62 келіде Абылайхан Құмар біраз қарсыластан жауырыны жер иіскемей ІІІ орынды қанжығаласа, 68 келіде Назархан Толыбай финалда ғана есе жіберіп ІІ орынға тиесілі тұғырға көтерілді.

5a0b9933-e6f1-45f8-80e9-5849bc318447

Жас спортшылардың жеңісі оларды шыңдау үшін аянбай тер төгіп жүрген бапкерлерінің еңбегі екендігі де сөзсіз. Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестің қыр-сырын Әмірхан Жүгінісов, Аян Абаев, Нұрлыбек Аққойшиев, Исмет Асқаров сынды жаттықтырушылар үйретеді.

                                                                                                                                          А. Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521