Мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт ауданымыздың орталық мешітінде тойланды. Көкжиектен күн шыққаннан-ақ мешітке ағылған жамағаттың қарасы көп болды.
Таңғы айт намазынан соң бірін-бірі құттықтаған жамағат, құрбан шалды. Ауданымыздың мұсылмандар бас имамы Дәурен Құттыбаев бүкіл мұсылман қауымын айтпен құттықтап, мерекенің қадір-қасиеті мен мән-мағынасы туралы әңгімеледі. Бұл күні мешіт ауласында дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық ойындарға кезек беріліп, жиналған жамағат ұйымшылдықпен қатысты.