KMG Burgylau ұжымы биыл бокстан Азия чемпионы болған Сабырғали Аманатпен кездеседі

(0 Votes)

KMG Burgylau ұжымы биыл жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында алтын медаль иеленген Сабырғали Аманатпен кездеседі.

Шарада мекеме қызметкерлері спортшымен сұхбат құрып, өздерін қызықтырған сұрақтардың жауабын алмақ. Кездесу аясында мекеме атынан спортшыға бір жолғы қаржылай демеушілік көрсету көзделіп отыр.

Өтетін жері: Атырау қаласы, Махамбет Өтемісов көшесі, 116е, 4-қабат, конференц-зал. Өтетін уақыты: 21 қараша, 2019 жыл, 15:00.

Анықтама: 12-17 қараша күндері Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Ұлттық құрама сапында ауыр салмақ дәрежесінде атыраулық Аманат Сабырғали (2002 ж.т.) сынға түсіп, құрлық додасының жеңімпазы атанды. Аманат іріктеу кезеңдерінде Ирак және Үндістан мемлекеттерінің боксшыларын тізе бүктірген. Ал ақтық сында Оңтүстік Кореялық қарсыласынан басым түсті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521