Қырағы көз жас мергендер сайысты

(0 Votes)

Бәйгетөбе мектеп-балабақша кешенінде аудандық «Жас мерген» Президенттік көпсайысы өтті. Сайыс салауатты өмір салтын насихаттау және әскерге дейінгі жастарды ҚР-ның қарулы күштері қатарына дайындауды мақсат етті.

Жарысқа аудан мектептерінің 14-15 және 16-17 жас аралығында оқушылары қатысып, белсенділік танытты. Сайыскерлер пневматикалық мылтықты 10 метр қашықтықтан тұрып ату және дәл сол қашықтықта тұрып қолды тіреп ату бойынша бақ сынасты. Атысты орындау уақытын есептеумен және нысанаға түсуді суммациялаумен әрбір жағдайдан бір-бірден ату жүргізілді.

jas-mergen

Жастардың ептілігін тексеруге бағытталған жарыстың қорытындысында 14-15 жас аралығындағы ұлдар арасынан Бәйгетөбе атындағы мектеп-балабақша кешені оқушысы Нариман Оңайбаев, Б.Қанатбаев атындағы мектеп оқушысы Ризабек Есенбеков, А.Құнанбаев атындағы мектеп оқушысы Артем Есенаманов, Л.Шахатов атындағы орта мектеп оқушылары Александр Смалин және Назар Сайынов үздік деп танылса, қыздар арасында Бәйгетөбе атындағы мектеп-балабақша кешені оқушысы Нұрсәуле Мақсот өзгелерден оқ бойы озық шықты. Ал, 16-17 жас аралығындағы ұлдар арасынан Б.Қанатбаев атындағы мектеп оқушысы Рахат Жәмшібай және А.Құнанбаев атындағы мектеп оқушысы Арсен Тайманұлы мергендіктерімен көзге түссе, қыздар арасында Л.Шахатов атындағы орта мектеп оқушысы Нұрсұлу Нұрханқызы және С.Шарипов атындағы мектеп-интернатының оқушысы Айымжан Қалиева үздіктер қатарынан көрінді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT