Көне таңбада көп сыр бар

(0 Votes)

Мақат өңірлік Рухани жаңғыру кіші жобалық кеңсесінің жоспарына сәйкес, аудандық Жастар ресурстық орталығы және Жас Отан ЖҚ-ның ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы аясында Атырау облысының тарихи – мәдени ескерткіштер тізіміндегі ауданымыздың аймағында орналасқан «Тас кешу» керуен сарайына экскурсия ұйымдастырылды.

Жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге баулу, тарихи-мәдени ескерткіштерін құрметтеуге үйрету мақсатындағы сапарда аудандық ардагер кеңесінің төрағасы С.Халенов, Қоғамдық кеңес төрағасы Е.Жоламанов, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Омаров, өлкетанушы О.Деңгелбаев, еңбек ардагерлері Т.Байгуршимов, С.Ербосынов, М.Саржановтармен бірге ауданның бір топ жастары тарихи ескерткіштердегі көне таңбалар сырымен танысып, рухани тағылым алып қайтты. «Тас кешу» керуен сарайы Атырау облысының тарихи – мәдени ескерткіштер тізіміндегі Мақат ауданында орналасқан археологиялық ескерткіштерінің бірігейі. Тарихи орында 2008-2010 жылдары «Атырау облыстық тарих және архелогия орталығы»қазба жұмыстарын жүргізіп игі нәтижелерге ие болса, 2012 жылы Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археология ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлері археологиялық экспедиция ұйымдастырып, керуен сарайдың сәулеттік құрылысын анықтап, жаңа жобасы алынған болатын. Экскурсия сапарында жастарға Тас кешу-«Ескі Ноғай жолы» деген атпен орта ғасырда қарқынды дамыған, Сарайшық қаласынан шыққан жол бойындағы алғашқы керуен сарай екені туралы кеңінен мағлұмат берілді.

А.ҚАРЖАУОВА,

Жастар ресурстық орталығының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT