Еламан - Азия чемпионы

(0 Votes)

Астана қаласында бас қаланың 20 жылдығына арналған кәсіпқойлар арасындағы «Астана қаласы әкімінің кубогы» үшін муайтайдан халықаралық турнир өткен болатын.

Сында бүкіләлемдік муайтай кеңесінің (WMC) нұсқасы бойынша кәсіпқойлар арасындағы «Азия чемпионы» атағы сарапқа салынды. 51 келі салмақта WMC Азия чемпионы белбеуі үшін халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ауданның үздік спортшысы Еламан Саясатов пен Тайланд Корольдігінің чемпионы Конгкамрай Жирапонг кездесті. Еламан қарсыласының тәжірибелі болғанына қарамастан, оны нокаутқа түсіріп, Азия чемпионы титулын жеңіп алды. Осылайша, Еламан чемпиондық белдікті беліне байлады.Белдікті ҚР Муайтай федерациясының президенті Кәрім Мәсімов табыстады. «Кәсіпқойлар арасында Азия чемпионы атандым.

Ендігі мақсатым -әлем чемпионы болу. Жекпе-жекке аз уақыт қалғанда бұрынғы жарақаттарым сыр беріп, қиынға түсті. Дегенмен де, енді мұндай мүмкіндіктің бола бермейтінін ескеріп, жаттығуларымды қалдырмадым. Бапкерлерімнің арқасында жеңіске жеттім. Атырауға алғаш болып титул алып келгеніме қуаныштымын»,- дейді чемпион. Бүгінгі таңда Еламан Саясатов – еліміздің ғана емес, әлемдегі ең үздік спортшылардың бірі. Жақында ғана Мексикада өткен әлем біріншілігінде күміс, былтырғы жылы –Польшада өткен Бүкіләлемдік ойындарда алтын медаль еншілеген болатын. Бұл жолы да, чемпион өз мықтылығын дәлелдей білді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT