Доссор №3 кітапханада рәміздер күніне орай «Ел рәміздері – еркіндік нышаны» атты танымдық кеші өтті.
Оқырмандарды мемлекеттік рәміздермен жан-жақты таныстыру, оны құрметтеуге үйретуді мақсат еткен кешке Мақат аудандық қазақ соқырлар қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысты.Кітапханашы Айман Жылқышиева рәміздер туралы баяндама оқып, Елтаңба, Әнұран, ту туралы мағлұматқа кеңінен тоқталды. Елдігіміздің белгісі – рәміздерге құрметпен қарап, мақтан тұту керектігін жеткізді. Сондай-ақ, Доссор №4 балалар кітапханасында ұйымдастырылған «Менің елімнің рәміздері» атты айс-стоппер шараға қатысушыларға алғысын білдірген кітапханашы Жанар Сарбасова «Адамгершілік – асыл қасиет» атты тренингпен жалғастырды. Адам бойындағы асыл қасиеттер туралы сөз қозғалып, жағдайаттық сұрақтарға жауап алған шараға қатысқан соқырлар қоғамы мүшелері ұйымдастырушыларға риза болды. Зағип жандарды қоғаммен араластыру мақсатында үкімет тарапынан кітап оқуға арналған құрал (машина) берілген екен. Кітапханашылар сол құралды пайдалану арқылы кітапханамен тығыз байланыста болып, шараға қатысушыларды тұрақты оқырмандарға айналады деп сенім білдіріп қоштасты.
М.ІЗТҰРҒАНОВА.