Футболшылар үздік үштікте

Футболшылар үздік үштікте
(0 Votes)

Атырау қаласында футболдан 2013 жылы туған жасөспірімдер арасында «КЛЛФ ДЖУИНОР» федерациясының ұйымдастыруымен «Атырау чемпионаты KLLF» ойыны өткен болатын. 

Аталмыш ойынға Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы қатысып, олжалы оралды.

Облыс бойынша 10 команда бақ сынаған чемпионатта 9 ойын өткізген жерлестеріміз ІІІ орынды иеленіп, қанжығаларын майлап қайтты.

Чемпионат барысында үздік ойын көрсеткен Арлан Аманкелдіұлы қарсыласына 17 гол соғып, «Үздік сұрмерген» атанды.

Осы ретте Мақат БЖСМ командасының жаттықтырушылары Ержан Шарафиев пен Ануар Теңдібай жас спортшылардан болашақта зор үміт күтетінін жеткізді.

Ендеше, жас аяқдопшыларымыз болашақта әлемдік ареналарда ел намысын асқақтатып, көк туымызды көкке желбіретсін дейміз!

Ботакөз Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521