Париж Олимпиадасынан тікелей 21 журналист хабар таратады – Диас Ахметшәріп

(0 Votes)

Франция астанасы Париж қаласында өтетін ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындарынан 21 қазақстандық журналист тікелей хабар таратады.

Бұл туралы Кazinform тілшісіне эксклюзив сұхбат берген ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп айтып берді.

«Биылғы Олимпиада ойындарында Париж қаласынан тікелей 21 журналист хабар тарататын болады. Оның ішінде сегіз журналист ресми түрде ХОК тарапынан акредитация алды. Осылайша Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті Париж Олимпиадасына арнайы 8 журналист апарады. Сонымен қатар Олимпиада ойындарын Қазақстанда заңды көрсету құқығын иеленген бес отандық телеарнадан тағы 11 журналист аттанады. Қазақстаннан жалпы Париж Олимпиадасынан тікелей хабар таратуға 19 журналист барады. Сондай-ақ, бұл тізімге Франция мен Германия елінде тұратын «Хабар-24» телеарнасының екі меншікті тілшісі қосылуы керек. Бір-екі күнде бұл сұрақтар да шешімін табады деген сенімдеміз. Осылайша Париж Олимпиадасынан жалпы 21 журналист хабар таратады», - деді деді министрдің кеңесшісі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елімізде алғаш рет Олимпиада ойындарын бес бірдей телеарна тікелей эфирде көрсететіні туралы жазған болатынбыз.

Олар — Qazaqstan, Qazsport, «Хабар», «Ел арна» және Jibek Joly телеарналары.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына спорттың 25 түрінен 92 жолдама жеңіп алды.

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығына белгіленген.

Ойынға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады.

Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521