Мақаттық аяқдопшылар - жеңіс тұғырында

Мақаттық аяқдопшылар - жеңіс тұғырында
фото: тренерден алынды
(0 Votes)

Жуырда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту минстрлігі «ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК ұйымдастыруымен өткен XII жазғы Қазақстан оқушылары Гимназиадасында облыс намысын қорғаған мақаттықтар I орын иеленді.

XII жазғы Қазақстан оқушылары Гимназиадасында еліміздің 8 облысынан спортшылар қатысып, бақ сынасты.

Нәтижесінде 7 командамен кездесу өткізген жерлестеріміз оқ бойы оза шауып, чемпион атанды.

Айталық, мақаттық аяқдопшылар жартылай финалда Түркістан облысының құрама командасымен, ал, финалда Жамбыл облысының құрама командасымен кездесіп, үздік ойын көрсетті.

Аяқдопшыларымыздың толағай табысқа жеткеніне бапкерлері Азамат Айсағалиев пен Бағытжан Сұлтанов те дән риза.

Ендеше, жас аяқдопшыларға жеңісті күндеріңіз көп болсын дейміз!

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521