Ерасылдың еншісінде екінші орын

(0 Votes)

Елдің назарын өзіне бұрған еркін күрес шеберлері барған жерден жүлдесіз қайтпайтын болды.

Ел чемпионатында атой салған тағы бір палуанымызды жерлестері зор құрметпен күтіп алды. 6-9 сәуір аралығында Қызылорда қаласында еркін күрестен 2005 жылы туылған жасөспірімдер өз ара күш сынасқан еді. Байрақты бәсеке анау-мынау емес Қазақстан Республикасының чемпионаты.
Дүбірлі додада Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінің оқушысы Ерасыл Сайранов 92 келі салмақта сынға түсті. Бұған дейін де біраз жетістіктерге жетіп жүрген жерлесіміздің бұл жолы да бағы мен бабы қатар шауып ақтық айқасқа дейін жетті. Ерасыл тек финалда ғана қарсыласына есе жіберіп күміс жүлдені қанағат тұтты. Ел чемпионатында екінші орынға ілігудің өзі үлкен жетістік. Ендеше жеңісті жорықтарың таусылмасын батырлар!


А.САДЫКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT