Бұғанасы қата қоймса да, біраз биіктерді бағындырп жүрген жас дзюдошыларымыз көршілес Маңғыстау облысынан олжалы оралды.
Таяуда Ақтау қаласында өткен Исан Досан атындағы республикалық турнирде еліміздің түкпір-түкпірінен келген бозкілем шеберлері күш сынасты. 1800-ге жуық спортшының басын қосқан дүбірлі додадан мақаттық өрендер де құр қалмай, бұйырған жүлдені еншілеп келді.
Мәселен, 26 келі салмақ дәрежесінде Кәусар Нұрпейіс үшінші орын алса, Жанерке Аманқұлқызы 32 келі бойынша күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, 40 келі салмақ дәрежесі бойынша Қарақат Жолдас пен 46 келі бойынша Бекырыс Сағидолла қол жүлдені қанағат тұтты. Балалар жасөспірімдер даярлық клубында Абзал Мәлікұлының қол астында жаттығатын жас өрендерімізге тек сәттілік тілейміз!
А.САДЫҚОВ