15-16 сәуір күндері «Нұрсая» спорт кешенінде дзюдо күресінен 2006-2007 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында Атырау облысының іріктеу чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға облыстың барлық аудандарынан 300-ге жуық спортшы қатысты.
Үздік атанған спортшылар маусым айында Түркістан облысы Шардара қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында облыс намысын қорғамақ.
Ел чемпионатына жолдама алған спортшылар қатарында +73 келі салмақта белдескен жерлесіміз Жарқынбек Мейрамбекұлы бар. Ол сайыста алтын жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, күміс жүлдегер атанған 42 келі салмақта Заманбек Бақтығали, 66 келі салмақта Нұрбекке Зауза, 48 келі салмақта Нұрседа Қабылова да ел чемпионатында өнер көрсетпек. Ал, татами төрінде жеңіске ұмтылған 55 келі салмақта Еркенұр Шонай және 73 келі салмақта Ерқанат Салтанатұлы қола жүлдемен марапатталды.
М.ІЗТҰРҒАНОВА