Ел чемпионатына жолдама алды

(0 Votes)

Атырау қаласындағы «Мұнайшы» спорт кешенінде дзюдодан облыстық чемпионат өтті. Бұл сайыс маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына  іріктеу ретінде өткізілді. 23 жасқа дейінгі ересектер арасында ұйымдастырылған чемпионатқа 7 салмақ дәрежесі бойынша спортшылар қатысты.

Облыстың түкпір-түкпірінен жүзге жуық палуан қатысқан дүбірлі додада жерлестеріміз де бақ сынады.  Байрақты бәсекеде Ерлан Шынтасов және Азамат Бегалиев жаттықтыратын аудан   спортшылары 5 медаль олжалады. Татамиде белдескен доссорлық 66 келі салмақта Дінмұхаммед Шаменов алтын жүлдегер атанса, күміс жүлдеге Ұлықбек Әбілхайыр 60 келі салмақта қол жеткізді.

Бұл сайыста мақаттық дзюдошылардың да  айы оңынан туды. Дулат Аманқосов 73 келі салмақта алтын медальға ие болса, Әділет Сапарғалиев 90 келі салмақта күмісті місе тұтты. 66 келіде белдескен тағы бір палуан Махамбет Рахмет қола жүлдегер атанды. Жарыстың алтын және күміс жүлдегерлері жаз мезгілінде өтетін ел  чемпионатына жолдама алды.  Бұл жолы облыстың намысын қорғайтын спортшыларымыз тыңғылықты дайындыққа бірден кірісіп кетті.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Сурет: ашық дереккөз

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз