Ерекше балалардың өнер фестивалі

(0 Votes)

Әр бала ерекше дарынға ие. Ал сол бойдағы ерекшелікті ашу - ұстаздардың басты талабы. Доссор мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ерекше балаларға арналған «Өмірге ғашықпын» атты онлайн өнер фестивалі өтті.

Шығармашылық фестиваль мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік белсенділігін, шығармашылығын дамытуға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мерекенің балалар үшін мәні зор. «Жылда дәстүрге айналған бұл шарада балалар сахна төрінде өнер көрсететін. Олар мұнда өзін жеке тұлға әрі үлкен ұжымның мүшесі ретінде сезінеді. Мүгедектігі бар балалар сахнада өнер көрсету арқылы көпке бейімделеді, ашылады. Дегенмен, биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн өткізілді. Балалар видео жолдау арқылы өз өнерлерін көрсетті",- деді мәдениет үйінің директоры Д.Құрмашев.

erekshe-balalar-1

Фестивальге А.Ғабдолла, Н.Саматқызы, И.Азаматқызы, Ә.Нұрланұлы, А.Қанатқалиева есімді балалар қатысып, бірі әуелетіп ән салса, бірі мың бұрала би билеп, мүмкіндіктерінің шектелуі екеніне қарамай құлшыныспен өнер көрсетті.

Иә, мұндай өнер шарасы ерекше тәрбиеге мұқтаж балаларға керек екені рас. Фестивальда өнер көрсеткен барлық балаларға мәдениет үйі атынан алғыс хат табысталып, қолдан жасалған естелік сыйлықтар тарту етілді.

rekshe-balalar

Мәдениет үйі ұжымы алдағы уақытта да балалардың жеке мүмкіндігі мен шығармашылық талғамын ескеріп, оларды өнерге баулып, үйірмелерге қатыстыруға жұмыстанбақ. Өнер ұжымы Ерекше балалардың өзін тануға, өзіне сенімді болуға және басқа адамдармен тығыз байланыста өмір сүруге мүмкіндік беруді басты міндеті деп есептейді.

 

М.СЕРІКҚЫЗЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT