Өткен апта аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары үшін табысты болды. Өнердің бірнеше түрі бойынша сайысқа түскен олар барлығынан да жүлделі оралды.
Қарашаның 12-сі күні Ақтөбе қаласында «Таланттар әлемі» халықаралық шығармашылық көпжанрлы байқау-фестивалі ұйымдастырылған болатын. Би номинациясы бойынша бақ сынаған «Шаттық» үлгілі би тобы бас жүлдені қанжығаларына байлады. Ал ән үйірмесінің оқушылары Ақжайнар Мұрат І орынға, Ақсүйрік Асқар ІІІ орынға және драма үйірмесінің оқушыларынан құралған «Жалын» тобы І орынға қол жеткізді.
Бұл нәтижелер аудан өнерпаздарының алар асулары көп екендігін көрсетті. Шәкірттері топ арасында дараланған үйірме жетекшілерінің де еңбегі бағаланып, «Үздік ұстаз» алғыс хатымен марапатталды.
Ауданымыздың атын шығарып жүрген ұстаздар мен жас өрендерге алған беттерінен қайтпай, жетістікке жетер жолда тастары өрге домалай беруін тілейміз!
А.Есжан