Азия чемпионаты: Су добынан Қазақстан құрамасы Сингапурді ойсырата жеңді

Азия чемпионаты: Су добынан Қазақстан құрамасы Сингапурді ойсырата жеңді
Фото: Kazinform
(0 Votes)

Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында бүгін су добынан сынға түскен Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші ойында қарсыластарын ірі есеппен жеңді. Қорытынды есеп - 19:9. 

Енді, ертең Қазақстан құрамасы Қытаймен кездеседі. Жарысқа 7 команда (Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан, Сингапур, Шри-Ланка, Қытай) қатысып жатыр. Жеңімпаз бен жүлдегерлер айналмалы жүйе арқылы анықталады.

Су добы. Қыздар. 3-ойын

Қазақстан - Сингапур 19:9

Голдар:

Юлия Дружинина - 5

Алина Озкая, Ариадна Затыльникова - 3

Анфиса Журавлева, Василиса Антропова - 2

Яна Смолина, Анеля Алтыбасарова, Дарина Сембек, Милана Ветрова – 1.

Сонымен қатар Ерлер арасында су добынан Қазақстан жастар құрамасы топтық кезеңнің үшінші ойынында Иран құрамасынан пенальти сериясында 10:12 есебімен жеңілді.

Енді жігіттеріміз ертең В тобындағы соңғы матчта Малайзиямен кездеседі. Жартылай финалға өз тобында 1-2 орын алған командалар шығады.

kaz.inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT