Доссорлық дзюдошылар жүлделі оралды

(0 Votes)
фото: бапкердің жеке фотожинағынан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларының бірінде бұқаралық спортты дамытуға баса назар аударған болатын. Бүгінде Президент тапсырмасының ауданда жүзеге асуы, яғни спортшыларды қолдаудың нәтижесі көрініп  жүр.

Атырау қаласында Балалар жылына орай 2009-2011 жылы туған кіші жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында дзюдодан қалалық ашық турнир өткен болатын. Аталмыш додаға Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен 11 спортшы қатысып, олжалы оралды. Нәтижесінде, Райымбек Ерғали жүлделі I орын иеленіп, қоржынды алтын медальмен толықтырса, Ержан Ұзақбаев пен Парасат Жолдығали II орынға қол жеткізді. Ал Фатима Мұхамбетқали, Жансая Нұрқуатқызы, Мирас Жасұланұлы, Әбу Бақытжан және Сайран Нұржанұлы III орынды қанжығасына байлап, тартысты өнер көрсетті.

Осы тұста мұнайлы мекеннің мерейін үстем етіп қайтқан спортшыларымыздың жеңісінде жаттықтырушы Әділет Тынышқалиев пен Ұлықбек Әбілхайырдың еңбегі зор екенін айта кеткеніміз жөн.

 

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521