Күйші, сазгердің шығармашылық кеші өтті

(1 Vote)
Фото: аудандық мәдениет үйінің фб парақшасынан алынды

Аудан жұртшылығы үшін өнермен сусындаған апта болды. Әсіресе жергілікті  әнсүйер қауым «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» төс белгілерінің және ҚР Құрмет грамотасының иегері, Халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің №1-ші домбырашысы, «Ғинаятовтар» жанұялық ансамблінің жетекшісі, күйші-сазгер Естай Ғинаятұлының 70 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Мұнайлы менің мекенім» атты шығармашылық кешін асыға күтті.

Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен кеш «Шаттық» үлгілі би ансамблінің «Назбике» биімен ашылды.

319097105_1390145525060612_8975994036261527044_n

319103583_1390156681726163_1455978857356770265_n

Сонымен қатар республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегері, сазгер жерлесіміз Бақытбек Сартбаев жүргізген мерейтойлық концерттің бастапқы бөлігінде «Ардагерлер» ансамблінің орындауындағы кеш иесінің «Доссорым» және «Мұнайшылар маршы» әндері шырқалды. Әріптестерін құттықтай келген «Ардагерлер» ансамблі Естай Ғинаятұлына алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады. Кейін аудандық білім бөлімінің басшысы Айбол Долдашев та кеш иесіне өз марапатын тапсырса, Доссор балалар өнер мектебінің директоры Мағзом Иманғалиев алғыс хат пен қоса домбыра тарту етті.

319142833_1390160115059153_5066760427439841665_n

Облыс пен республикаға танымал өнерпаздар А.Сәрсенбаев, М.Мерғалиева, Ш.Өтемісова, Д.Құрмашев, Д.Еримов, Е.Мұсаев, Ш.Қонысбаева, А.Құбайдолла және «Ғинаятовтар» жанұялық ансамблі өнер көрсеткен кеш Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» К.Төлебаева мен аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Р.Әлиеваның орындауындағы А.Елеусіновтың сөзіне жазылған, Е.Ғинаятұлының «Мұнайлы менің мекенім» әнімен қорытындыланды.

319077091_1390165715058593_2887913940500223746_n

            Шара соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов жүрек жарды лебізін білдірсе, аудандық мәдениет тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Исполов аудан әкімі атынан алғыс хат табыстап, мерейлі жасқа келген өнерпаздың иығына қазақы дәстүр бойынша шапан жапты. Сол сәтте Естай Ғинаятовтың замандас досы, доссорлық ақын Қуат Мыңтұрғанов кеш иесіне арналған өлеңін оқып, жиналған халықты жырмен тебірентті. Қорытынды сөз алған Естай Ғинаятұлы барша ұйымдастырушылар  мен көрермендерге өзінің шексіз ризашылығын білдірді.

319282139_1390164181725413_7694509579616312362_n

319125536_1390158358392662_3448358707204339764_n

319105998_1390165625058602_3995144611366936412_n

Осылайша, ХIХ-XX ғасырда Баянауыл даласын мекендеген аттасы Естай Беркімбайұлы секілді халықты әнге бөлеген маңдайымызға біткен жерлесіміз сүйікті тыңдармандарымен бір қауышып қалды.

                                                                                                                     А.Байшуақ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521