Боксшылар Махамбеттен жүлделі оралды

(0 Votes)
Фото: бапкердің жеке фб парақшасынан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған алғашқы Жолдауында бұқаралық спортты дамытуға тапсырма берген еді. Президенттің осы тапсырмасын орындау мақсатында «Дене шынықтыру мен бұқа­ралық спортты дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған ке­шенді жоспар» әзірленіп, ол Үкіметтің қау­лысымен бекітілгені мәлім. Осы жос­парға сәйкес, жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

Ауданымызда өз жетістіктерімен қуантып, қай-қай сайыста да жүлдесіз қайтпайтын спортшылардың қатарында боксшылар бар.

Жақында Махамбет ауданында спорт және Еңбек ардагері, бокстан алғашқы бапкер Алфарит Жұмалиевті еске алуға арналған 2009-2010 және 2011-2012 жылдары туған  жасөспірімдер арасында бокстан ашық турнир өтті.

Облыс орталығы және жеті ауданнан барлығы 190 жас боксшылар қатысқан сайыс төрт күнге созылған болатын. Олар 20 салмақ дәрежесі бойынша қолғап түйістірді.

Аталмыш сайысқа ауданнан Мақат балалар және жасөспірімдер спорт мектебінен барлығы он үш былғары қолғап шебері қатысып, тоғызы жүлдегерлер қатарынан көрінді. Атап айтсақ, 2011-2012  жылы  туғандар арасында 32 келі салмақта Самғат Жауылбай және 32 келі салмақта Дәурен Жауылбай бірінші орын иеленсе, тағы бір 32 келі салмақтағы боксшы Қайырбек Ізімғали екінші орынды місе тұтты.

Ал 2009-2010 жылы  туғандар арасында 36 келі салмақта Әлихан Қанатұлы және 40 келі салмақта Шыңғыс Асылбекұлы бірінші орын, 34 келі салмақта Жанболат Алдоңғар екінші орыннан көрінді. 32 келі салмақта Райымбек Таубай, 36 келі салмақта Нарұл Руслан, 44  келі салмақта Қажымұрат Қажымұхан үшінші орын иеленіп, жеңіске деген ұмтылыстарын танытты.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521