Доссорлық боксшылар жарады

Доссорлық боксшылар жарады
(0 Votes)

Жақында ғана Алматы қаласында Қазақстан, Ресей, Монғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Латвия елдері арасында бокстан халықаралық турнир болып өтті. Дүбірлі додаға Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінен 8 спортшы қатысып, оның 7-еуі жүлделі орындарға ие болды. 

Атап айтқанда, 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында Абдусамат Азаматұлы мен Азамат Нұрадин I орынды еншілеп, мұнайлы мекеннің абыройын асқақтатты. Ал, Нұрбол Аманкелді жүлделі II орынды жеңіп алып, күміс медальды қоржынға салды.

Одан бөлек, 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында Ибрахим Ашық II орынды, Мирас Ильясов, Мейірлан Русланұлы мен Қасымхан Аманжан III орынды иеленді.

Осы ретте Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Сәндібек Сақтанов пен Нұрберген Нұржанұлы жарысқа қатысқан спортшылардың бәрі болашағынан зор үміт күттіреді дейді.

Ендеше, барған жарыстан жеңіссіз қайтпайтын спортшыларға сәттілік тілейміз!

Данияр Маратұлы

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің

журналистика және ақпарат мамандығының 2-курс студенті

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT