Әуесқой волейболшылар – чемпион

(0 Votes)

Атырау қаласында волейболдан ересектер арасында облыстық лиганың қорытынды ойыны өтіп, С дивизионы бойынша аудандық әуесқой волейболшылар құрама командасы үздік ойын көрсетті. Нәтижесінде жүлделі І орынды қанжығасына байлап, аудан абыройын асқақтатты. 

Атаулы жарысқа түрлі сала қызметкерлері, бірқатар оқу орындарының өкілдері мен аудандық командалар қатысты.

Мамыр-маусым айларында өткен лига бойынша үздік ойын көрсеткен аудан құрама командасының ойыншылары Орынбек Биғазиев «үздік байланыстырушы және Мирас Мақсотов «лиганың MVP ойыншысы» атағын иеленді.

Лигада чемпион атанған аудандық әуесқой волейболшылар келер жылы В дивизионында ойын көрсететін болады.

Б.АСХАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521