Мақат кентіндегі балалар кітапханасы – бүлдіршіндердің сүйікті орнына айналды.
Мұнда жазғы каникул басталысымен алуан түрлі іс-шаралар да басталып кетті.
«Адамның бар қызығы бала деген» тақырыбымен өткен ертеңгілікте кішкене оқырмандар өлең оқып, би биледі.
«Менің салған суреттерім» тақырыбында 2-4 сынып оқушылары асфальтқа сурет салды. Жас буынның шығармашылық қабілеттерін тереңдетіп, эстетикалық талғамын дамытуға көңіл бөлген кітапханашылар спорттық жарыстарды да әсте естен шығарған емес.
Енді балалар кітапханаға өзі құралпы балалармен достасуға, бірге уақытын қызықты өткізуге келетін болды.
Өз тілшіміз