Былғары қолғап шеберлері жарады

(0 Votes)


Жақында Махамбет ауданында ауған соғысының ардагері, "Қызыл Жұлдыз" орденінің иегері "Махамбет ауданының құрметті азаматы" Мәлік Габдуллиннің рухына арналған бокстан 2009-2010 және 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтті.


Дүбірлі дода да Құрманғазы, Исатай, Индер, Жылыой, Қызылқоға, Махамбет, Мақат аудандары және Атырау қаласынан бөлек Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 300-ге жуық былғары қолбақ шеберлері бақ сынасты.
Қай-қай жарыста болмасын намысты қолдан бермей, жүлдесіз қайтпайтын Нұрсейіт Аюпов, Парасат Құлмұханов, Амангелді Қобдабаев, Қазбек Сапеновтың шәкірттері бұл жолы да қоржынды жүлдеге толтырып қайтты. Мақат балалар жасөспірімдер спорт мектебінің былғары қолғап шеберлері турнирдің алғашқы күнінде-ақ өздерінің қызу дайындықтарын көрсете білді. Шаршы алаңда қолғап түйістірген жас спортшылар қарсыластарына қарымта жауаптар қайтарып, жеңісті қолдан бермеді.
Нәтижесінде 2009-2010 жылы туылғандар арасында 32 келі салмақта Салауат Сәрсенғали, 36 келі салмақта Әлихан Қанатұлы, 38 келі салмақта Шыңғыс Асылбекұлы І орын алса, 32 келі салмақта Бекзат Сәрсенғали ІІ орынды еншілеп, 70 келі салмақта Саят Алпан ІІІ орынға табан тіреді. Сондай-ақ, боксшылар бәсекесінде ерекше өнерімен көзге түскен Әлихан Қанатұлы "Үздік техника" номинациясымен марапатталды.
Ал, 2011-2012 жылы туылғандар арасында Қайырбек Ізімғали 30 келі салмақта алтыннан алқа тағынса, 30 келі салмақта Самғат Жауылбай, +50 келі салмақта Азамат Таңатар қола жүлдеге ие болды.
Барлық жеңімпаз жүлдегерлерге арнайы сый-сияпаттар табысталып, медалдар тағылды.
М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT