22-24 сәуір күндері Ақтау қаласында 2006-2007, 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013 жылы туған балалар және жасөспірімдер арасында шағын футболдан «6x6 AKTAU CUP junior» турнирі өтті. Жарыс футбол спортын насихаттап, спорттшылардың шеберлігін арттыру және достық қарым-қатынасты нығайтуды мақсат етті.
Аталмыш турнирге Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен 2 команда қатысты. Нәтижесінде, 2010-2011 жылғы жасөспірімдер командасы жүлделі III орынды қанжығасына байлады. Сондай-ақ, қарсыластарының шабуылына төтеп беріп, үздік қақпашы атанған Теңелбек Оңғарша команданың мерейін тағы бір асқақтатты.
Айта кетейік, споршыларымыздың бұл жеңісінде жаттықтырушылары Қанат Қапашев пен Арманбек Сүйіновтің еңбегі зор. Ендеше, болашақ чемпиондарға алдағы дүбірлі додадар да тек сәттілік тілейміз!
Ә.ҚАСЫМ