Боксшылар чемпионатқа жолдама алды  

(0 Votes)

2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бокстан «Батыс» аймақтық Қазақстан чемпионаты алдындағы облыстық іріктеу чемпионатында Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 8 боксшысы бақ сынаған болатын.

Нәтижесінде былғары қолғап шеберлері жүлдеден құр алақан қалмады. Атап айтсақ, 36 келі салмақта Ерлан Қайырқожа І орын, 48 келі салмақта Мадияр Орақбай ІІ орын, 34 келі салмақта Бекзат Сембай және 52 келі салмақта Исламбек Беркінғали ІІІ орынға ие болды.

Сондай-ақ, ринг төрінде үздік ойын көрсеткен Ерлан Қайырқожа, Мадияр Орақбай, Исламбек Беркінғали Орал қаласына КСРО спорт шебері Жанболат Тұрсынғалиұлы Қатауовты еске алуға арналған «Батыс» аймақтық чемпионатына жолдама алды. Атырау облысы құрама командасы атынан аудан намысын қорғаған боксшылардың үшеуі де бұл додадан қола жүлдемен оралды.

Оның ішінде шаршы алаңда ептілігімен, техникасымен көзге түскен Ерлан Қайырқожа сәуір айында Атырау қаласында бокстан өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521