Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз мерекесіне арналған волейболдан әйелдер арасында аудандық жарыс өтті.
Аталмыш сайыстың ашылу салтанатында бөлім басшысы Жандарбек Сарбасов мерекемен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.
Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткен бәсекелі сайысқа 50-ге жуық спортшы қатысты. Дүбірлі доп додасы «М.Баймұханов», «Б.Қанатбаев», «Х.Санбаев», «Бәйгетөбе», «Ынтымақ», «Гербалайф» сынды алты команда арасында өрбіді.
Қызықты әрі сергек өткен жарыс қорытындысы бойынша «Х.Санбаев» командасының қыздары айқын басымдықпен І орынға ие болды. ІІ орынды «Б.Қанатбаев» командасы қанжығасына байласа, ІІІ орынды «М.Баймұханов» командасы жеңіп алды. «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясына «Бәйгетөбе» командасы лайықталды.
Дүбірлі додада бақ сынаған барлық қатысушылар дипломмен марапатталып, кубок және медальдарға ие болды.
М.ІЗТҰРҒАНОВА
Суреттер автордікі