Бишілер бабында

(0 Votes)

Ақпан айында Ақтөбе қаласында халықаралық өнер байқауы өтті. Ол байқауға би номинациясы бойынша Доссор мәдениет үйіндегі би үйірмесінің шәкірттері де қатысқан болатын. Ауданымыздың атын асқақтатып жүрген өнерпаздарымыз бұл жолы да олжамен оралды.


«Қазақ биін» билеген «Еркем-ай» үлгілі би тобы 1 орынды жеңіп алса, «Орыс биін» орындаған «Еркем-ай» орта би тобына 3 орын бұйырды.


Мың бұралған биші қыздардың жетекшісі Айнұр Сәдуақасова: «Еркем-ай» би тобыныың құрылғанына биыл 5 жыл толуына орай алдағы уақытта есептік концерт береміз. Сонымен қатар қыркүйек айында Атырау қаласына барып «үлгілі» деген атағымызды қайтадан қорғауымыз керек», - деп жоспарларымен бөлісті.


А. Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT