Доссор мәдениет үйінің шәкірттері өз жетістіктерімен ұстаздарын қуантуда.
Атап айтар болсақ, драма үйірмесінің шәкірті , мәдениет үйінің жас жұлдызы Әділхан Нұрсұлтанов Республикалық «Тәуелсіз Қазақстан» және «Елім менің» онлайн байқауларына қатысып, екеуінен де бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар үйірменің тағы бір шәкірті Шырай Демепбергенова «Фариза Фаризажан, Фариза қыз» атты Республикалық сайыстан бас жүлдені қанжығасына байлады. Аталған өнерпаздардың осындай жетістіктерге қол жеткізуіне еңбек сіңірген Айнагүл Әбілқасова "Құрмет грамотасымен " марапатталды.
«Үйірмемде 7 оқушы тәлім алады, оның 2-уі ерекше балдар. Мүмкіндігімізше онлайн да, оффлайн да байқауларды жібермеуге тырысамыз. Әділханға келер болсақ, ол қатысқан жерінен көбіне бас жүлде, жоқ дегенде 1-орын алып жүр. Әр белесті бағындырған сайын өмірге деген құлшынысы артуда. Биыл мектеп бітіретін болса да, үйірмемен қоштасқысы келмейді», - дейді шәкірттеріне 2 жылдан бері көркемсөздің қыр-сырын үйретіп жүрген ұстаз.
А. Есжан