Батыс аймақтық чемпионатқа жолдама алды

Батыс аймақтық чемпионатқа жолдама алды
фото: бапкері Парасат Құлмұхановтан алынды
(0 Votes)

 Таяуда 2010-2011 жылы туған бокстан кіші жасөспірімдер арасында Атырау облысының құрамасын жасақтауға арналған іріктеу чемпионаты өтті. Аталмыш жарысқа Атырау қаласы және жеті ауданнан 270-ке жуық спортшы бақ сынады. 

Дүбірлі додаға қатысқан Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің боксшылары жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Атап айтсақ, Нарұл Руслан 40 келі салмақта І орын, Саят Алпан +74 келі салмақта ІІ орын, Тамерлан Төремұрат 46 келі салмақта ІІІ орын иеленді. Оның ішінде Нарұл бес кездесу өткізіп, бәрін де бір ауыздан жеңіп ерекше көзге түсті.

Жас былғары қолғап шеберлерінің бапкері Парасат Құлмұханов жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер оқу-жаттығудан өтіп, наурыз айында Ақтөбе облысы Шалқар қаласында өтетін Батыс аймақтық Қазақстан чемпионатына қатысатынын айтады.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT