Жақында Ақтау қаласында 2007-2008, 2010-2011 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Кеңес одағының спорт шебері Баламұрат Сұлтанбайұлын еске алуға арналған дзюдодан XIV халықаралық турнир өткен болатын.
Аталған жарысқа Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 10 спортшы қатысып, оның екеуі жүлделі оралды.
Кіл мықтылар қатысқан дода да жерлесіміз Фатима Мұхамбетқали жүлделі I орын иеленіп, қарсыластарынан басым түссе, ал, Райымбек Ерғали II орын еншілеп, қоржынға күміс медальды салды.
Мұнайлы мекеннің мерейін үстем еткен жас дзюдошылар бұған дейін де түрлі бәсекелерде топ жарып, алдыңғы қатардан көрініп жүр.
Жаттықтырушылары Азамат Бегалиев пен Әділет Тынышқалиевтің сөзінше, жеңіске жеткен жас боз кілем шеберлері болашағынан зор үміт күттіреді.
Ә.ҚАСЫМ