Ербол еркін күрестен ел чемпионы атанды

(0 Votes)

7-9 наурыз күндері Шымкент қаласында еркін күрестен кіші жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Дүбірлі додаға Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен Ербол Маратұлы және Ерғали Жансерік қатысқан болатын. Нәтижесінде 68 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен жерлесіміз Ербол Маратұлы жарыс жеңімпазы атанып, аудан абыройын асқақтатты. Бұрын сонды ауданнан ел чемпионатынан жүлдегерлер қатарынан көрінген балуандар шыққанымен, аудан спортшылары арасында алғаш рет Ербол еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионы атанып отыр.
Осы ретте байрақты бәсекелерде топ жарып, шәкірттерінің мықты спортшы болып қалыптасуына бар күшін салып жүрген балуандарымыздың жеке бапкері Әмірхан Жүгінісов және Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жаттықтырушыларының еңбегі зор екенін айта кеткеніміз жөн.
Кіл мықтылар қатысқан сайыста жеңіс тұғырынан көрінген Ерболға алдағы уақытта тек сәттілік тілеп, жеңісті күндерің көп болсын дейміз!

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521