Балалар футбол лигасы мәресіне жетті

(0 Votes)

Бірнеше жылдан бері үзілмей өткізіліп келе жатқан ересектер арасындағы кіші аяқ доп лигасынан шыңдалған "Бақтиярдың"  олжасына ел болып қуанғанымызды кеше ғана жеткізген болатынбыз. Талай жылдан бері төгілген тердің нәтижесі осылай ел игілігіне айналып  жатса, осы саланы неге әрі қарай жандандырмасқа?

Осы ретте ауданымызда алғаш рет ағаларының жолымен Мақат балалар футбол лигасы ұйымдастырылды.

futbol-1

І-ші ашық біріншілікте бала деген аты болмаса, жарыстың тартымдылығы алдыңғы буыннан еш кем түспеді.

futbol-4

Тоғыз команданың арасында өрбіген сегіз турдың барлығы бірдей тартысқа толы болғанына - жүлделі  орындар үшін соңғы турға дейін таласқан командалардың ойыны дәлел. Әсіресе қола жүлде үшін таласта  соңғы турда "Бәйгетөбе" мен "Газпром" командаларының арасындағы ойын өрнегі өте қызықты өрбіді.

futbol-2

Алдымен "Газпромдықтар"  екі гол айырмасымен суырылып алға шыққан болатын. Алайда намысты қолдан бермейтін "Бәйгетөбеліктер" ойын соңына дейін есепті 2:2-ге жеткізіп, қола жүлдені иемденді.

futbol-3

Аталмыш доп додасында спорт мектебінің атынан шыққан қос команда да алдына қара салмай, бірінші және екінші орынды өзара бөлісті. Осылайша болашағынан зор үміт күттіретін балдырғандардың бүгінгі аяқ алысы жақсы деген бағаға ие болды.

А.Садыков,

суреттер аудандық спорт бөлімінен

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521