Аудан әкімі Шәкір Кейкінұлы Ақтөбе қаласында өткен V республикалық паралимпиада ойындарында 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, Қазақстан Республикасының құрамасы сапына енген Нұргүл Мақсотова мен Түркия елінде муай-тайдан жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында чемпион атанған Рамазан Қайратұлын қабылдады.
Кездесу барысында аудан басшысы спортшыларды мерейлі жеңісімен құттықтады. Мұнайлы өлкенің талантты спортшыларымен мақтанатынын жеткізіп, алдағы белестеріне сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, бағалы естелік сыйлықтар табыстап, сый-сияпатқа бөледі. Өздеріне көрсетілген құрметке риза болысқан спортшылар аудан басшысына алғысын білдірді.
М.ІЗТҰРҒАНОВА
Cуреттер автордікі