Абай мұралары ұлықталды

(0 Votes)

Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан, ақын, ойшыл дана ғұламасы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы кең көлемде тойланып жатыр.

ҚР Тұңғыш Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының негізгі идеясын жүзеге асыру, ана тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай шығармалары арқылы жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында аудандық мәдениет үйінде «Абай мұраларын ұлықтайық» атты облыстық кітапханашылар байқауы өтті.

776e2409-9df2-4368-a11d-5fe568c61dfb

Шараны аудан әкімінің орынбасары Н.Ерғалиев ашып, құттықтау тілегін білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Төрт кезеңді қамтыған байқауға қалалық кітапхана мен аудандық кітапханалардың кітапханашылары қатысып, бақтарын сынады.

Алғашқы таныстыру бөлімінде кітапханашылар кәсіби шеберліктерін көрсетіп, слайд арқылы таныстырды. Ал, «Абай мұраларын ұлықтайық» атты кезеңде қатысушылар Абай шығармаларын жатқа оқыды. Бұл бөлімде «Өлең - сөздің патшасы», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Өлсем орнын қара жер сыз болмай ма?» сынды өлеңдерін жатқа айтса да, ұмытып қалып, мүдіріп, қағазға қарауға тура келіп жатты. Байқаудың үшінші кезеңі «Талаптыға нұр жауар» деп аталды. Мұнда үміткерлер Абай қара сөздерін көркем шеберлікпен орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді.Сайыстың соңғы бөлімі «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты бөлімде лед экраннан әр қатысушыға 4 сұрақтан қойылып, өз деңгейінше жауап алды.

42a81612-d04c-4e1c-90c7-8af7df847769

Жарыстың қорытындысында К.Бижанова (Жылыой), Ф.Оразғалиева (Индер), Н.Қайырлиева (Құрманғазы), М.Манашова (Исатай) алғыс хатпен марапатталса, 3-орынды А.Аманғалиева (Махамбет ауданы) қанжығалады. 2-орынды А.Ардақ (Қызылқоға ауданы) иеленсе, 1 орынды М.Қазиева (Атырау қаласы) иеленді.

Ал, жарыстың бас жүлдесін жерлесіміз №2 аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Г.Елдесбаева жеңіп алды.

Қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан естелік сыйлықтар табысталды.

А.ТАУМҰРЫНОВА
Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521