Кикбоксингтан әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Жандос Назарбеков үйлі болды.
Талай әлемдік жарыстарда топ жарып, ел абыройын асқақтатып жүрген спортшыға пәтер кілтін кикбоксинг федерациясының президенті Әлібек Семғалиев табыстады.
Жұмыскер мәдениет үйінде өткен қорытынды кеште басқарма басшысы Ринат Ибрагимов және қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрбек Ахмедьяров қатысып, жетістікке жеткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына алғыс хаттар табыс етті.
«Биылғы жыл Атырау кикбоксшылары үшін табысты өтті. Облыс тарихында Жандос Назарбеков тұңғыш рет екі дүркін әлем чемпионы атанды. Бірнеше ел чемпиондары және әлем кубогінің иегерлері шықты», - деп хабарлады Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Cурет: atyrausport