Тәуелсіздік мерекесі тұсында Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ойын залында кіші аяқ добынан Мақат локомотив пайдалану депосында көп жылдан бері машинист-нұсқаушы лауазымын атқарған Жоламанов Жанболат Ерғазыұлын еске алу турнирі өтті.
Турнирді "Nur Otan" партиясының қолдауымен депо әкімшілігі ұйымдастырып, 8 команда өз ара бақ сынасты. Сайысты ауданның құрметті азаматы Жоламанов Ерғазы Оспанұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысқа толы өткен ойындардың нәтижесі бойынша депоның ауыспалы кубогін "7 сап" командасы иеленіп жарыс жеңімпазы атанды.
"Жолаушылар тасымалы" күміс жүлдені қанағат етіп, екінші орынға табан тіресе, үздік үштікті "Әкімшілік" командасы түйіндеді. Жеңімпаз командаларға арнайы алғыс хаттардан бөлек Жоламановтар әулетінен қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Ал, турнирдің "Үздік қақпашысы" болып машинист-нұсқаушы М.Сұлтанғалиев танылса, "Үздік қорғаушы" атағын машинист көмекшісі А.Санкибаев иеленді.
Сондай-ақ машинист көмекшісі М.Слемгалиев "Үздік шабуылшы" атанса, "Жасы үлкен ойыншы" деген аталыммен машинист С.Бозжигитов марапатталды.
Жанкүйерлерін де жерде қалдырмауды ұйғарған жарыс ұйымдастырушылары "Үздік жанкүйер" деген аталым тағайындап, оған С.Балпейсовті лайық деп таныды.
"МТ"