«Домбыра-party» шарасы өтті

(0 Votes)

1 шілде күні аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жеңіс» саябағында Ұлттық домбыра күніне орай "Домбыра-party" шарасы өткізілді.

Жаңа форматтағы пати кеші аспан астында ұйымдастырылды. Шараның мақсаты, домбыра үнін жоғалпай, күмбірлеген күй мен саз дауысты әуендерді домбыраның құлағында ойнап, дүйім жұртқа қазақ халқының киелі аспабын ұлықтап, жастардың қасиетті аспапқа деген құлшынысын ояту болып саналады.
Ұлы мұрамызды ұлықтайтын домбыра кешінде аудандық өнер мектебінің оқытушысы Ернар Бекболат пен аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Есімхан Табылдыұлы қазақтың киелі аспабының құлағында ойнап, күмбірлеген күймен саябақты ерекше тылсым әсерге бөледі. Қазақтың белгілі күйшілері Ә.Есқалиевтің "Жастар күйі", Қ.Сағырбайұлының "Балбырауын", "Адай", Ә.Желдібаевтың "Ерке сылқым" күйлерін тебіренте орындады. Әрі қарай, домбыра күніне ұйымдастырылып жатқан әлеуметтік желідегі челленджді қабылдап, оны дәстүр бойынша өзге аудандарға жолдады.

"1 шілде - қазақтың ұлттық қазынасы қасиетті аспап домбыра күні. Баршамызға қазақ деген атымызды айшықтайтын киелі аспап домбыра күні құтты болсын. Бабалардың жолынан бері ұлықталып келе жатырған аспап ешқашан өз құндылығын жоғалтқан емес. Бүгінде атаулы мерекеге орай, ұлттық аспапты қолға алып, ән-күймен думанға бөлеп жатырмыз. Көненің көзі, асылдың сөзі іспеттес қасиетті аспабымызды ұлықтап жүрейік. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра!",- деді өз сөзінде Е.Табылдыұлы.


А.ТАУБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521