Әділхан екі мәрте бас жүлдеге ие болды

(0 Votes)

Біздің көшелерде мүгедек жандарды сирек кездестіргеніміз олар бізде аз дегенді білдірмейді. Тек елді мекендеріміздегі инфрақұрылым мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналмағандай. Бірақ олар күнделікті өмірде «жеті мүшесі сау» адамдар көрсетпейтін табандылық танытып жатады. Тағдыр тәлкегіне мойынсұнбаған талап-жігерлеріне таң қалудан басқа амал жоқ. Осындай шектеулі мүмкіндігімен-ақ шексіз жетістіктерге жетіп жүрген таланттылар біздің арамызда да бар. 

Мәселен, Доссор мәдениет үйінің үйірме жетекшілері 2021 жылдан бастап ерекше балаларды үйірмелерге тартып, өнерлерін шыңдау мақсатында жұмыстанып келеді. Көп ұзамай сол жұмыстар өз нәтижесін беріп, даралар топтан оза шығуда. Соның бірі - драма үйірмесінің оқушысы Әділхан Нұрсұлтанов. Ол оқушыны жетекшісі Айнагүл Әбілқасова драма үйірмесіне қабылданған сәттен бастап жас өркеннің ұстазы ретінде шәкіртінің бойындағы өнеріне қолдау көрсетуден жалықпады. Алға қойған мақсатына жетуіне бағыт-бағдар берді.

Төккен тер Әділхан Нұрсұлтановтың Халықаралық «ALASH STAR» өнер байқауына қатысуына жетеледі. Ол «Көркем сөз» номинациясы бойынша кіл мықтының арасынан бас жүлдені жеңіп алды.  Енді Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Халықаралық өнер байқауына жолдамаға ие болды. Ол осыған дейін республикалық «Наурызым – Нұрлы ырысым» атты өнер байқауына  да «Көркем сөз» номинациясы бойынша сынға түсіп, бас жүлдені қанжығасына байлаған болатын.

dilkhan-maalasyna-2

Драма үйірмесінің тағы бір шәкірті Жұлдыз Аманжолова республикалық «Наурызым – Нұрлы ырысым» атты өнер байқауына «Көркем сөз» номинациясы бойынша бақ сынап, бас жүлде иегері атанды. Бар күш-жігерін шәкірттеріне арнаған драма үйірмесінің жетекшісі  Айнагүл Әбілқасова олардың әлі талай биікке самғап, өнердің көгінен орын алатынына нық сенім білдіреді. Осындай талантты балаларды өнерге баулыған еңбегі үшін,  Айнагүл Әбілқасқызы «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Доссор мәдениет үйі ұжымына дарындарды тәрбиелеп, шығармашылық табысқа жете беруіне тілекшіміз. 

 

                                                                                                                                 А.Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521