Бишілер бағындырған белес

(0 Votes)

Доссор мәдениет үйі үшін биылғы жыл олжалы болды. Жыл басынан бері мәдениет үйі жанындағы үйірмелердің оқушылары түрлі байқауларға қатысып, бірнеше мәрте бас жүлдені жеңіп келеді. Соның ішінде Айнұр Сәдуақасова жетекшілік ететін бишілердің жетістіктері мол.

Жуырда би үйірмесінің «Еркем-ай» үлгілі би тобы Халықаралық «ALASH STAR» өнер байқауына қатысып, әділ-қазыларды өнерімен тәнті ете «Хореография» номинациясы бойынша бас жүлдені иемденді. Олар Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Халықаралық өнер байқауына жолдама алды. Жеңістерге жетелеген би үйірмесінің жетекшісі Айнұр Садуақасова дарынды балаларды өнерге баулыған еңбегі үшін «Құрмет грамотасына» ие болды. Бас қаламыздағы сайыс карантин жағдайы аяқталғаннан кейін өтеді.

Ендеше «Еркем-айдың» мың бұралған биші бикештері алдағы додадан да жеңіспен оралады деп сенім артамыз.

                                                                                                                                       Е.Асылбек

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521