Алматы қаласында дзюдодан жастар мен жасөспірімдер арасында Б.Махумдов атындағы Азия Кубогі басталды.
Байрақты бәсекеге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан 400-ге жуық татами шебері қатысуда.
Жарыстың екінші күні, яғни, бүгін жерлесіміз Шаменов Дінмұханбет 66 келі салмақта күміс жүлдегер атанды.
Іріктеу кезеңдерінде Қырғызстан, Өзбекстан елінің өкілдерін ұтса, жартылай финалда қазақстандық спортшы Әділ Марленнен басым түсті. Ал ақтық сында өзбекстандық спортшыдан ұтылды.
“МТ”