Абай шығармалары онлайн байқау арқылы сараланды

(0 Votes)

Кеселдің кесірінен атаусыз қалған мерекелер, тойлаусыз қалған мерейтойлар көп-ақ. Ал, 2020 жыл - елімізде мерейтойлар жылы. Солардың ішінде Хәкім Абайдың 175 жылдығы бар. Осы орайда аудандық жастар ресурстық орталығы жастармен байланысын үзбей, әлеуметтік желілер арқылы онлайн жұмыс жүргізуде. Сананы сауықтырар шара ретінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап аудандық «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» атты онлайн байқауын өткізген болатын.

Әлеуметтік желі арқылы өткен байқау екі кезеңді қамтыды. Алғашқы бөлімде қатысушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқып, бейнеролик жолдаса, екінші бөлім тікелей эфир арқылы жүргізілді. Онда қатысушылар Абай шығармаларынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сайысқа аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Елдесбаева Гүлдана, Л.Шахатов атындағы орта мектебінің мұғалімі Мөлдір Несіпбаева, Алматы қаласыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенті Төлегенова Әсемгүл, Х.Санбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі Оразова Ақжұлдыз, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Нағашыбай Салауат, Ақтөбе гуманитарлық колледжі Маратбекқызы Мейрамгүл, барлығы алты үміткер қатысты.

Бірінші кезеңдегі қатысушылардың шеберліктерін анықтауға «Мақат тынысы» газетінің бас редакторы Гүлзада Есмырзақызы үлесін қосты. Байқау нәтижесі бойынша жүлделі І орынға Ақжұлдыз Оразова, ІІ орынға Мөлдір Несіпбаева және Әсемгүл Төлегенова, ІІІ орынға Гүлдана Елдесбаева және Нағашыбай Салауат ие болды. Қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталды. Төрт қабырғаға қамалған тұрғындардың көңілін серпілтпек мақсатта ұйымдастырылған шара көптің көңілінен шықты.

«Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық!»,- деп ақын атамыз айтқандай, Абай мұрасын ұлығылауды ұмытпайық! Жанымызбен жүрегімізді тазартып, жылу сыйлайтын жыр жаттағанның да пайдасы мол!

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Добавить комментарий

Защитный код
Обновить

Мақат тынысы

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика