Тұмау инфекциясының дамуының бірқатар ерекшеліктері болады.
Тұмаудың бірінші белгілері организмге түскен вирустың көлеміне, адамның иммундық жүйесінің жағдайына, вирустың типіне байланысты.Ауру инкубациялық кезеңнен басталады. Жұқтырудан бастап бірінші белгі пайда болғанға дейін бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өтеді (орташа есеппен 2-4 күн). Аурудың белгілері өте жіті басталады, сондықтан пациент ауру белгілерінің басталуын көбінесе нақты атай алмайды.
Шұғыл көмекті қажет ететін белгілер туралы мынаны есте сақтау керек: 3-5 күннен астам уақыт дене қызуының 38-40°С-тан жоғары болуы, бастың қатты ауыруы (ауырсынуды басатын препараттарды қабылдағаннан кейін де ауыру), сондай-ақ демікпе, естің бұзылуы, аяқ-қолдың тартылуы, терідегі геморрагиялық бөртпе.
Тұмаудың алдын алудың ең тиімді шарасы вакцинациялау болып табылады, ол эпидемиялық маусым алдында жүргізіледі (қазан-қараша). Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да тұмауға ұқсас аурулардың алдын алудың арнайы емес әдістері де бар.
Олар мыналар:
- адам көп жиналатын орындарда болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;
- жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;
- ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;
- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жүйелі түрде жуу;
- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін мұрын қуысын тұзды сумен шаю;
- өзіңіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету;
- өзіңіз болатын үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізу;
- өзіңіз болатын үй-жайдың ауасын ылғалдандыру;
- құрамында С витамині бар өнімдерді (мүкжидек (клюква), итбүлдірген, шиповник, қарақат, лимон және т.б.) тамаққа көбірек пайдалану;
- дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, дұрыс тамақтаныңыз және жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысыңыз.
Аудандық орталық аурухана.