Оқушылар денсаулығы – ұлт болашағы

(0 Votes)

Балалар денсаулығының дұрыстығы – Қазақстан халқы денсаулығының дұрыстығы.

Олай болса, ерте жастан баланың тамақтануына мән беру – барша ата-ананың басты міндетіне жатады. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі дені сау оқушыны қалыптастыруды бірқатар ережелерді сақтауға шақырады. Олар:

Оқушылардың күн тәртібі:

таза ауада серуендеу;

сабақтарды дене шынықтыру минуттарымен кезектестіру:

кемінде 15-20 сағат ойнау және демалу;

жеке тазалықты сақтау; егер 7-10 жаста болсаң) 11 сағатқа және (15-17 жаста болсаң) 8 сағатқа дейін ұйықтау маңызды.

Дұрыс тамақтану:

тәттілерден;

фастфуд,тұзды қытырлақ нан,қуырылған картоптан;

газдалған және қуаттандыратын сусындардан бас тартқан дұрыс.

Дене белсенділігі:

қозғалыс ойындарымен ойнау (алтыбақан тебу,доппен ойнау, секіртпеден секіру және т.б.) футбол,баскетбол ойнау, суда жүзу, коньки шаңғы тебу,

мәнерлеп сырғанау маңызды.

Иммунопрофилактика:

Жұқпалы ауруларға қарсы екпені уақытында алу маңызды.

Профилактикалық тексеріп-қарау:

Мектепте жыл сайын (педиатр,хирург, ЛОР,окулист,стоматолог және т.б. мамандардан) профилактикалық тексеруден өткен маңызды.

Сколиоздың алдын алу:

бір қалыпта тұрмау;

ауыр затты бір жақ қолда ғана көтермеу;

отырғанда немесе тұрған кезде денені дұрыс ұстау;

жұмсақ төсекте ұйықтамау маңызды.

Миопияның алдын алу:

мүсіннің түзеулігін қадағалау;

көзден компьютер мониторы,кітап пен дәптердің ара қашықтығын сақтау;

ағзаны нығайтып,дене белсенділігімен айналысу;

көлікте және жатып оқымау;

дүрыс тамақтануды сақтау маңызды

Жарақаттанудың алдын алу жол қозғалысы ережесін сақтау;

отпен,электр құралымен ащық суда шомылғанда мұқият болу маңызды.

Айнұр ЕЛЕМЕСОВА,

Аудандық орталық аурухана директорының орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT