Менингококкты инфекция – түрлі клиникалық көріністерімен сипатталатын симптомсыз бактерия тасымалдаушы, мұрын және жұтқыншақтың қабынуы, ми қабатының қабынуы және инфекцияның қанға енуі түрінде өтетін жіті бактериалды инфекциялық ауру.
Инфекция көзі – ауру адам немесе бактерия тасымалдаушы. Көбінесе бактерия тасымалдаушылар қауіпті болып табылады. Себебі олардың организмінде микробтар бар, бірақ өздері ауырмайды, сонымен қатар аурудың ешқандай клиникалық көріністері болмайды.
Берілу жолы – ауа тамшылы – жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде. Менингококк қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз. Жұққан сәттен бастап 1-10 күн аралығында сырқат пайда болады. Сырқат адам қоршаған адамдарға бірінші күннен бастап қауіпті. Менингококкты жұқпа барлық жерде, бүкіл әлемде кездеседі. Көбінесе иммунитеті төмен 1-2 жастағы балалар жиі ауырады.
Сырқат жедел дене қызуының көтерілуімен басталып 37,5-38,0 С, бастың ауыруымен мұрын бітуімен, жұтыну кезінде ауыру сезімімен сипатталады. Кей кездері дене қызуының кенеттен 39,0-40,0-қа дейін көтерілуімен, қалтыраумен басталады.
Бастың қатты ауыруы – сәбилерде қатты жылау болады. Мазасызданады, басын ұстайды. Сонымен қатар, тағам қабылдаумен байланыссыз, көп реттік құсу болады. Ерте жастағы балаларда құрысулар дамиды. Менингококкты минингитпен ауырған бала бүгілген тізесін қолымен денесіне апарып, қырымен жатады. Егер иммундық жүйесі төмендеген болса, микроб әрі қарай қанға өтіп, аяқта, жамбаста, дененің қырында жұлдыз тәрізді, басқа да жоғалмайтын қызыл (көгерген) бөртпелер пайда болады.
Сырқаттанғаннан кейін – саңырауқұлақ, балаларда саңырау-мылқаулық, кейбір кезде сал ауруы, бас миының зақымдалуы байқалады. Сондықтан сырқаттанған кезде медициналық көмекке уақтылы жүгіну және де білікті медициналық көмек дер кезінде көрсетілсе, аурудан сауығу нәтижесі тез, әрі тиімді болады.
Г.ТАЖІБАЕВА,
Доссор селолық ауруханасының инфекциялық қадағалау мейірбикесі.