Сүт безі обырын ерте анықтау өміріңізді сақтайды

фото: el.kz
(0 Votes)

 Елімізде сүт безі обыры туралы жан-жақты ақпарат беретін жыл сайынғы айлық басталды. Жыл сайын қазан айында ұйымдастырылатын айлық аясында еліміздің медициналық орталықтарында ашық есік күні өтеді. Онда тегін тексеруден өтіп, маммолог - дәрігерлердің кеңесін алуға болады. 

«Онкологияның бұл түрі әйелдермен қатар, ерлерде де болады. Бірақ, әйелдерде ең көп кездесетін дерттің бірі. Өкінішке қарай, Қазақстанда сүт безі қатерлі ісігі өкпе және колоректальды обырдан оқ бойы озып тұр» - деп тоқталды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Газизов.

Әдетте, бұл дерт сүт безі тінінде киста немесе түйін түрінде пайда болады. Бұл жасушалар лимфа жүйесі немесе қан тамырлары арқылы қоршаған тіндер мен мүшелерге таралуы мүмкін. Ауруды асқындырып алған жағдайда емдеу қиынға соғады. Маммография және самопальпация секілді медициналық тексерулер сүт безі обырын ерте анықтап, сәтті емдеу мүмкіндігін арттырады.

40 пен 70 жас аралығындағы сақтандырылған әйелдер тіркелген емханасында 2 жылда 1 рет сүт безі обырынерте анықтау үшін скринингтік тексеруден өте алады. Оған келесі тексеру түрлері кіреді:

Сүт бездеріне ультрадыбыстық зерттеу

Мақсатты маммография

Маммография

Қажет болған жағдайда дәрігер қосымша тексеруге жолдама береді:

Пункциялық/ стереотактикалық бақылаудағы аспирациялық биопсия

Трепанобиопсия

Күрделілігі 3 санаттағы операциялық-биопсиялық материалдың 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу

Нәтижесі бойынша келесі дәрігерлерге жолдама беріледі:

Акушер-гинеколог

Рентгенолог (рентгенограмманы 2-ші мәрте қарау)

Онколог немесе онколог-хирург

Маммолог

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT