Ғасыр дертімен күрес

(0 Votes)

ЖИТС ауруы организмде иммунитет тапшылығын тудырады.  Бұл індеттің алдын алу – кешенді шараларды жүргізуді талап етеді.

Облыстық ЖИТС орталығы жергілікті атқару органдарымен, денсаулық сақтау, білім, жастар саясаты басқармаларымен басқа да салалармен және қоғамдық ұйымдармен бірге АИТВ инфекциясының алдын алу шараларының жоспарларын жасақтап, орындалуын қамтамасыз етеді.

ЖИТС орталығының  негізгі мақсаты – халық арасында АИТВ инфекциясының алдын алу шараларын ұйымдастыру. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегенді» дұрыс деп танитын орталық  Ішкі істер, Қорғаныс министрлігі, Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде АИТВ-ның алдын алу шаралары ұйымдастыруда. Жеке құрам мен медицина қызметкерлерінің және сотталғандардың арасында семинарлар, тренингтер, т.б.шаралар жүргізіп отырады.

Әлеуметтік осал топтарға жататын коммерциялық емес секс қызметкерлері инемен есірткі тұтынушылар, еркектермен жыныстық қатынастағы еркектер «Зиянды азайту» бағдарламасы негізінде алдын алу бағдарламасымен қамтылады, АИТВ-ға тексеріледі. Олардың арасынан жұмысқа аутрич-қызметкерлер тартылады. Аутричтер «Тең-теңіне» ұстанымы (принцип «Равный-равному») бойынша өз тобына АИТВ-ның алдын алу шараларын жүргізуге көмектеседі.

Жалпы, мамырдың үшінші жексенбісі спид -тен қайтыс болғандарды дүниежүзілік еске алу күні.

Әлеуметтік осал топтарды қамту үшін орталықта Достастық кабинеті мен сенім бекеттері жұмыс жасайды.

Халыққа, бизнес-құрылымдарға АИТВ ЖИТС-тің таралу және алдын алу жолдары туралы ақпарат беру, түрлі салалар мамандарын, жалпы орта білім беретін мектептерде, арнайы орта және жоғары оқу орындарында мұғалімдерді, оқушыларды және студенттерді оқыту ұйымдастырылады. Санитарлық-ағарту шаралары жүргізіледі және  ақпараттық материалдар таратылады.

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT